Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Павлодар дауысы" вокалдық конкурсының үшінші турының қорытындысы
13-06-2024 17:17

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  "Павлодар дауысы" вокалдық конкурсын  өткізді.

         "Заманауи әндері" номинациясына Павлодар қаласының 30 мектебінен 95 оқушы қатысты.

         Конкурс  қорытындысы бойынша 37 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын 3 оқушы, II - 14, III – 20

         І дәрежелі дипломды М.Әлімбаев атындағы мектептің  3 сынып оқушысы Мұхатай Айзере және  С. Торайғыров атындағы мектептің                    3  сынып оқушысы Драганчук Альбина, № 41 мектептің 6  сынып оқушысы  Фёдорова Анастасия иеленді.

         ІІ дәрежелі дипломдарға  № 15, 18, 35, 39, 40, Мәшһүр Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы   мектептердің оқушылары ие болды.

         ІІІ дәрежелі дипломмен № 5, 7, 25, 29, 36, 46, Қ. Макпалеев  атындағы, А.Шамкенев атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, Кенжекөл мектептерінің оқушылары марапатталды.

         Ән – ең таралған танымал музыкалық жанр. Біздің сахна заманауи әндерге толы. Біз оларды радиодан, теледидардан, интернеттен, көшелерден, телефоннан және т.б. тыңдаймыз.

         Конкурсқа  қатысушылар үшін бүгінгі күн мерекеге айналды.