Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Павлодар дауысы" вокалдық конкурсының төртінші турының қорытындысы
13-06-2024 17:20

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  "Павлодар дауысы" вокалдық конкурсын  өткізді.

         "Шетелдік  әндері" номинациясына Павлодар қаласының 12 мектебінен 38 оқушы қатысты.

         Түрлі-түсті костюмдер киген оқушылар ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, корей тілдерінде әндер орындады. Әлемдік даңққа ие болған әндер де шырқалды. Қатысушылар махаббат, сұлулық туралы және әлемнің алуан түрлі   әндерін шырқады. Көптеген әдемі жеке орындаулар да болды.

         Жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ,  қатысушылардың нөмірлерін бағалайтын қазылар алқасының жұмысы қиынға түсті.

         Дегенмен, ең жақсы нөмірлердің ішінен ең жақсысы анықталды.

         Конкурс  қорытындысы бойынша 14 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 2,  II - 7, III – 5 оқушы.

         І дәрежелі дипломды Ш.Шөкин  атындағы мектептің  5 сынып оқушысы Кеңесхан Ерсұлтан және № 24 мектептің 5 сынып оқушысы  Бардашевская Виктория иеленді.

         ІІ дәрежелі дипломдарға  № 18, 24, 25, Қ.Макпалеев атындағы, М.Әлімбаев атындағы,  Б.Момышұлы атындағы мектептердің оқушылары ие болды.

         ІІІ дәрежелі дипломмен № 15, 27, Қ. Макпалеев  атындағы, С.Торайғыров  атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы мектептерінің оқушылары марапатталды.