Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Жазғы POV-2024» жазғы кешенді бағдарламасы аясында 2024 жылдың 3 маусым мен 7 маусым аралығында «National Trend» мастер-класс өткізілді.
Мақсаты:білім алушыларды көркем өнерге, белсенді шығармашылық қызметке баулу болып табылады.
Мастер-классқа қаланың 15 жалпыорта білім беретін мектебінен 175 оқушы қатысты.
«National Trend»мастер-класс 5 номинациябойынша өткізілді: «Макраме»; киізбен жұмыс тоқыма бұйымдарын дайындау (кесте тігу,бисер, жамау пластикасы); атласты ленталардан раушан гүлдерін жасау; шыныдан және қалайы банкалардан ыдыс-аяқтарды безендіру; түймелерден жасалған панно (суреттер,жақтаулар).
7 маусымда Жастар Бастамаларын Дамыту орталығымен бірлесіп, Павлодар қаласы мектептерінің 42 оқушысы «Ұлттық әшекей бұйымдар» тақырыбында мастер-класс қатысты. Мастер-класс балалар сырға, білезік және брошь сияқты зергерлік бұйымдарды үйде жеке пайдалану үшін қалай жасауға болатынын білді. Сондай-ақ, «NationalTrend» жобасының кестесіне сәйкес «Түймелерден жасалған панно» мастер-класс өтті.
Мастер-класс қорытындысы 21 маусымда бірінші жазғы маусымның жабылуында қалалық саябақта белсенді қатысқан оқушылардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылатын болады. Жеңімпаздар Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.