Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Dance MIX» конкурсы бірінші күнінің қорытындысы
18-06-2024 17:48
«Dance MIX» конкурсы бірінші күнінің қорытындысы

  «Жазғы POV-2024» бағдарламасы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Қазақ халық билері" және "Орыс халық билері" номинацияларында «Dance MIX» жобасы басталды. Конкурс дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, жас ұрпақ   тарапынан халық билеріне, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеуге назар мен қызығушылықты баулу мақсатында ұйымдастырылды.

      Конкурсқа Павлодар қаласының № 5, 6, 7, 14, 15, 24, 25, 26, 29, 39, 41, Малайсары батыр, Ш. Шөкин, М. Әлімбаев, А. Шәмкенов, М. Жүсіп, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Тәшенев, М. Әуезов, Жетекші  жалпы білім беру мектептерінен 220 қатысушы қатысып, үздік атағы үшін күресті.    

Қазылар алқасы биді орындау техникасын, әртістігін, сахналық бейнесін, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалады.

   Конкурс қорытындысы бойынша 2-4 сынып жас катеориясында І дәрежелі дипломмен №39 мектептің «Мега dance», Шапық Шөкин атындағы «Dance kids», А.Шәмкенов атындағы «Рандеву» хореографиялық ұжымы марапатталды. ІІ дәрежелі дипломға №24 мектептің «Тұмар», №26 мектептің «Очаровашки», №41 мектептің «Биназир», Малайсары батыр атындағы «Шабыт», М. Әлімбаев атындағы «Көркем», М. Жүсіп атындағы «Шабыт», А. Байтұрсынұлы атындағы «Атмосфера», М. Әуезов атындағы «Держи ритм», Жетекші  мектебінің «Күншуақ» би ұжымдары ие болды.      ІІІ дәрежелі дипломды №5, 7, 15, Ж. Тәшенев атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей және Жетекші мектебінің би ұжымдары жеңіп алды.

         5-8 сынып жас санатында: №29 мектептің «Надежда» хореографиялық ұжымы 1 орын иегерлері атанды; 2 орын - №25 мектептің «Ақжелкен» би ұжымы; 3 орын - №6 мектептің «Dance ритм» және №14 мектептің «Шоқжұлдыз» би ұжымдары өзара бөлісті.

        Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.