Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Dance Mix» конкурсы үшінші күнінің қорытындысы
20-06-2024 16:19
«Dance Mix» конкурсы үшінші күнінің қорытындысы

      «Жазғы POV-2024» қалалық жазғы жобасы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Сығандар халық биі», «Татар халық биі» және «Кавказ халық биі» номинациялары бойынша  «Dance Mix»  хореографиялық конкурсының қорытынды күні өтті.

        Конкурс талантты жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, жас ұрпақ тарапынан халық билеріне, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеуге назар мен қызығушылықты баулу мақсатында ұйымдастырылды. Конкурсқа Павлодар қаласындағы 15 мектептен 82 қатысушы қатысты: № 5, 6, 15, 25, 27, 35, 41, Малайсары батыр, Қ. Бекқожин, М. Әуезов атындағы, А. Шәмкенов және Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей. Конкурс қатысушыларының репертуарында жаппай  және жұптық нөмірлер ұсынылды, тегіс, әсем билер темпераментті, отты нөмірлермен виртуоздық би трюктерімен ауыстырылды. Барлық нөмірлер өте әсерлі  болды.

            Конкурс қорытындысы бойынша 15 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын – 4, ІІ – 7, ІІІ – 4.

       І дәрежелі дипломмен Батырбаев Мәди, Сыздықов Жәңгір және Ферзаули Лейла А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицей, №6 мектептің «Dance ритм», № 27 мектептің хореографиялық ұжымдары марапатталды.

№5, 35, 41 мектептердің, Малайсары батыр, М. Әуезов атындағы, А. Шәмкенов, Ә. Бөкейхан мектеп-лицейдің би ұжымдары II дәрежелі диплом иегерлері атанды.

          №15, 25, К. Бекқожин, Ә. Бөкейхан атындағы мектептердің хореографиялық ұжымдары ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.