Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Махамбет оқулары» байқауының қорытындысы
17-09-2024 17:25

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2024 жылғы 17 қыркүйекте №2 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың ақынның шығармашылығына деген танымдық қызығушылығын арттыру.

         Махамбет Өтемісұлы – ақын, сазгер және күй орындаушы, халық бастаған жауынгер; азат, тәуелсіз Қазақстанды көруді армандаған күрескер, рухы биік ақын. Оның асқан ақындық қабілетін барша жұрт мойындады.

         Байқауға қаланың 38 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сыныптың  оқушылары қатысты.

Оқулар бес номинация бойынша өтті: «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

          Байқау қорытындысы бойынша  91 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті,  47  қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 5 оқушы,   II орын – 15,           III орын – 27 оқушы.

«Ұлы арман»номинациясы бойынша I орынды Малайсары батыр атындағы мектебінің  10 сынып оқушысы Сембаева Амира, II орынды № 27,35,39,  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, М.Әлімбаев атындағы мектебінің оқушылары; III орынды № 5, 11, 17, 18, 26, 40, 43, М.Жүсіп, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

«Ел құтқарар ер едім...»-I орынды Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы Шариаздан Камила; II орынды №  21, 30мектеп оқушылары;  III орынды № 2, 7, 29, 31,  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің,М.Әуезоватындағы мектептің оқушылары иеленді.

 «Шашақты найза, шалқар күй»- І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің11 сынып оқушысы Кеңес Жансая; ІІ орынды № 17, М.Әуезов атындағы мектебінің оқушыылары; ІІІ орынды Кенжекөл мектебінің оқушысы иеленді.

«Тартынбай сөйлер асылмын...»- І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің10 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана; ІІ орынды №7, 17 мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 2, 21, 31 М.Әлімбаев, С.Торайғыров атындағы мектептің оқушылары иеленді.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер»- І орынды М.Жүсіп атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Канапина Медея; ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебініңжәне Ж.Тәшенев атындағы мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 11, 24, 25, 46, Б.Момышұлы атындағы мектептің оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың 19 қыркүйекте өтетін облыстық кезеңге қатысады.