Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Үздік сынып жетекшісі» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы
23-09-2024 12:45
«Үздік сынып жетекшісі» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2024 жылғы 20 қыркүйекте «Үздік сынып жетекшісі» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.

        Конкурстың мақсаты-педагогикалық шеберлікті және шығармашылық әлеуетті барынша толық іске асыруды жетілдіру, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырудың инновациялық озық тәжірибесін тарату.

       Конкурс қорытындысы бойынша 7 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

І дәрежелі дипломмен Күлжанов Дауржан Кайыргельдыевич, Ш.Шөкин ат. ЖОББМГ сынып жетекшісі марапатталды. 

       ІІ дәрежелі дипломдармен 2 педагог марапатталды: Копущу Ольга Николаевна, № 17 ЖОББСОБМ сынып жетекшісі, Слесаренко Илья Сергеевич, Ш.Шөкин ат. ЖОББМГ сынып жетекшісі.

       ІІІ дәрежелі дипломдармен 4 педагог марапатталды: Леонова Галина Владимировна, №40 ЖОББМ сынып жетекшісі, Жуманова Асем Муратовна, № 2 ЖОББМ сынып жетекшісі, Дюсенбаев Арман Серикбаевич, Кенжекөл ЖОББМ педагогі, Ергашова Замира Шаймуритовна, М.Әуезов ат. ЖОББМ сынып жетекшісі.

      Номинациялар бойынша келесі педагогтер сертификаттармен марапатталды: «Креативті сынып жетекшісі», №6 ЖОББМ педагогі Нургожина Айгерим Еркиновна, «Заманауи сынып жетекшісі»  номинациясы бойынша Шакиева Алмагүл Бахытбековна,  А. Бөкейхан  ат. ЖОББМЛ, «Шеберлік шыңында» номинациясы бойынша Жетекші ЖОББМ мұғалімі Рыбалко Анжелика Игоревна, «Үздік ұйымдастырушы»  номинациясы бойынша Б.Момышұлы ат. ЖОББМ сынып жетекшісі Назира Дауренбековна Сейітова, «Шығармашыл сынып жетекші» номинациясы бойынша Ольга Леонидовна Кузнецова, Ш.Шөкин ат. ЖОББМГ педагогі марапатталды, «Өз ісінің шебері» номинациясында Сембіғали Менуара Жарқынқызы, №7 ЖОББМ  сынып жетекшісі марапатталды.

       «Үздік сынып жетекшісі» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.

       Республикалық конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпазы Кульжанов Дауржан Кайыргельдыевич  Ш. Шөкин ат. ЖОББМГ сынып жетекшісі  «Үздік сынып жетекшісі» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысады.