«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесіп 2024 жылғы 16 қазанда 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділіктен облыстық олимпиада өткізді, оған Павлодар қаласының мектептерінен 5 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында интеллектуалды көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; оқушылардың қазақ, орыс және шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен М. Жүсіп ат. орта мектептің 10 сынып оқушысы Садвакасова Баян және № 29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жасқайрат Камила марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен Ә. Бөкейхан ат. мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Кендібай Жаннұр марапатталды.
Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша Жасқайрат Камилеге университет ректоры Торайғыровтың гранты табысталды.