.
Маусымның 22-жұлдызында Даңқ Алаңында Ұлы Отан соғысының басталуына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған митингіге Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы белсене қатысты. Орталықтың басшысынан бастап, балалардың бос уақытын қамту клубтарының кіші жастағы тәрбиеленушілерімен бірге тайлы-таяғымен қалмай барды.
Мұнда соғыс ардагерлері сұрапыл соғыс жылдарын еске түсіріп, майданнан қайтпаған жолдастарын көз жасымен еске алды. Келген қатысушылардың барлығы жүректері қарс айырылып, үнсіздік минутасында іштей елімізге Жеңіс сыйлаған ата-бабаларына алғыстарын білдірді. Митингі соңында Мәңгі Алауға гүл шоқтары қойылып, «осы алаудай мәңгі есте сақтаймыз» деп серт беріп тарасқан жастарға үлкендер риза болып жатты. Осындайда өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа «Еліміз тыныш болсын!», «Бейбітшіліктің қадірін біліңдер» дегіміз келеді.