Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 14 қараша күні №17 мектепте және 15 қараша күні №2 метете жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлікке және ғылымибілімге қызығушылығын раттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асырушеңберінде ерте бейімдеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырлған білім алушыларды анықтау.
Олимпиадаға қаланың 42 жалпы білім беретін мектебінің 5-6 сыныптың оқушылары қатысты.
Олимпиада сегіз пән бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.Қатысушылар әр пән бойынша тест тапсырмаларын жазбаша орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 522 оқушы өз интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, 279 қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде дәрежелі дипломмен: I орын - 20 оқушы, II орын – 86, III орын – 173 оқушы.
Олимпиада жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.