«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 20 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді. Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығын зерттеу және білу. Қазақ халқының рухани - мәдени өмірінде ерекше із қалдырған тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім - Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Байқауға қалалардың, аудандардың жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 5 оқушысы – «Шәкәрім оқулары» қалалық кезеңінің жеңімпаздары Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, № 40, Қ.Бекқожин атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары төрт бағыт бойынша қатысты.
Оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мектептерінен барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды және облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды:
- «Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» номинациясы бойынша II орынды Мәшһүр Жүсіп мектебінің 7 сынып оқушысы Зиада Данагүл.
- «Ән - өлшеуіш, өлең – күміс» - II орынды Б.Момышұлы мектебінің 8 сынып оқушысы Рахим Інжу және III орынды № 40 мектебінің 7 сынып оқушысы Хайрол Ерасыл.
- «Арыңның болсынөлең айнасындай» - III орынды Қ.Бекқожин атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Мұрат Заңғар.
- «Шәкәрім әлемі» - II орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым иеленді.