2025 жылғы 6-8 қаңтар аралығында Павлодар қаласының № 35 жалпы білім беретін мектебінде және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 9-11 сыныптарының оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке өзін-өзі дамытуға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, республикалық олимпиадаға қатысу үшін оқушыларды іріктеу болып табылады.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне барлығы 716 оқушы қатысты, оның ішінде жаратылыстану-математика бағытына 302 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытқа 414 оқушы. Оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 66 оқушысы - қалалық кезеңнің жеңімпаздары.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар 45 жүлделі орынға ие болды: І дәрежелі дипломдармен - 8, ІІ дәрежелі дипломдармен - 11, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 26 марапатталып, қалалар арасында «Үздік олимпиадалық команда – 2025» атағын алды.
І дәрежелі дипломмен география пәні бойынша М.Әлімбаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Бейсенбай Әділхас; қазақ тілінде оқытатын мектепте орыс тілі пәні бойынша № 35 орта мектептің, 9 сынып оқушысы Тәтенова Алтынай; орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша, А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Татару Елизавета; орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша ,№ 21 орта мектеп оқушысы Қайтаева Зара және № 36 орта мектеп оқушысы, Абдурахимова Әсел; құқық негізі пәні бойынша, № 29 орта мектеп оқушысы, Казкенов Ілияс; неміс тілі пәні бойынша, № 39 орта мектеп оқушысы , Садвакасов Фархат; география пәні бойынша № 35 орта мектеп оқушысы Қайыржан Асылхан марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен № 2, 7, 18, 29 (2), 35 (2), Ж.Тәшенев атындағы (2), 39 (2) мектеп оқушылары марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 (2), 7, 17, 25, 29 (2), 35 (3), 41 ЖОББМ, Ш.Шөкин (2), Қ.Бекхожин, А.Байтұрсынұлы (3), Ж.Ташенев (3), А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейі (2), Ә. Бөкейхан (3), Кенжекөл мектеп оқушылары марапатталды.
«Ең жас қатысушы» номинациясы дипломымен информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысқан, № 38 орта мектептің 6 сынып оқушысы Құсанов Имран марапатталды.
Олимпиаданың үздік нәтижелері үшін Торайғыров университеті және Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті 11-сынып оқушыларына: №2 орта мектеп оқушысы Ахметов Елнарға, №29 орта мектеп оқушысы Шевчук Еваға, №35 орта мектеп оқушысы Қайыржан Асылханға және №39 орта мектеп оқушысы Вирясова Кираға, білім беру гранттарын табыстады.