Бастауыш сынып оқушыларының математикалық олимпиада қорытындысы

Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2025 жылғы 11 ақпанда А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» математикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Павлодар қаласындағы 43 жалпы білім беретін мектептен және екі жеке меншік мектебі «Академия успеха», «Детвора» 2-4 сыныптың 221 оқушысы қатысты.
Олимпиада екі турда өткізілді: жеке жазбаша (іріктеу); жеке ауызша.
Олимпиада қорытындысы бойынша 116 жас математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 13 оқушы, ІІ орын – 44, ІІІ орын – 59.
Қалалық олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың 27 ақпанда облыстық кезеңге қатысады.