Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
18-03-2025 12:20
 Қанипа Бітібаев   атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің мемлекеттік тілде оқитын   9-11 сыныптардың   55   оқушысы, оның ішінде Павлодар қалалық кезеңінің жеңімпаздары Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым, № 38 мектептің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара, № 2 мектептің 9 сынып оқушысы Теміржанова Айым, Ж.Тәшенев атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Манай Фатима, № 17 мектептің 11 сынып оқушысы Мусылманқұлова Аида қатысты. 
Олимпиадаға қатысушылар эссе жазып, сондай-ақ қазақ тілін, қазақ әдебиеті шығармаларын, өмірбаянын, ғылыми және публицистикалық еңбектерін білу тапсырмасын жазбаша орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы келесі орындарға ие болды:    -   I орын Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым;
- ІІІ орын № 38 мектептің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара.