2025жылдың 18 наурызында сағат 15.00-де № 7 мектеп базасында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері үшін қала оқушыларын республикалық ғылыми-шығармашылық конкурстарға (оқуларға) дайындауды жүзеге асыратын қалалық семинар ұйымдастырды.
Семинардыңмақсаты - мектептегі ғылыми-шығармашылық конкурстарды (оқуларды) дайындау сапасына, дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіруге байланысты педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру үшін және білімдерін жетілдіру.
Аталғансеминарға Павлодар қаласының 31 мектебінен 50-ден астам педагог қатысты.
Семинарбағдарламасы пленарлық және практикалық бөлімнен тұрды. Пленарлық бөлімде орталықтың әдіскері А. Шакенова «Қаламектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті бойынша конкурстарға қатысуы бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбындасөз сөйледі. Әдіскер өз сөзінде қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті бойынша конкурстар мен олимпиадаларға қатысуына үш жыл ішіндеге аналитикалықшолу жасады.
Семинардыңпрактикалық бөлігі үш секцияның жұмысымен ұсынылды: сахналық қойлым бағыты, эссе жазу, жас ақындарды даярлау. Практикалық бөлімнің спикерлері: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, «Филология» мамандығының постдокторанты – А.Ташекова; Халықаралық «Менің пірім-Сүйінбай» атты студенттер арасындағы айтыстың бас жүлде иегері - Б. Қайдаров, Ж. Аймауытов атындағы театрдың актер Н. Тұрлыбек.
Қалапедагогтары түрлі деңгейдегі конкурстар мен олимпиадаларда тиімді өнер көрсету мақсатында әдістемелік көмек алды.