Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаныма – менің бастамам»
11-04-2025 10:21
2025 жылдың 28 наурыз күні «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында «Менің Отаныма – менің бас  тамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық қашықтық туры өтті.
Байқауға қаланың 9 жалпы білім беретін мектептерінен 24 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломдармен - Мухтарханова Ажар,  Белоусова Арина, Абай Әйгерім, М. Әлімбаев ат.ЖОББМ оқушылары, Аширбек Айғаным, Мәшһүр Жүсіп ат.ЖОББМ, Аманжол Мадина № 7 ЖОББМ және Темірбай Әлихан № 33 ЖОББМ оқушылары марапатталды. 
ІІ дәрежелі дипломдарға - М. Әлімбаев ат.ЖОББМ, № 7 ЖОББМ, № 32 НОББМ, № 33 ЖОББМ оқушылары ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломдарды Мәшһүр Жүсіп ат.ЖОББМ,  С.Торайгыров ат. ЖОББМ,  А.Байтұрсынұлы ат.ЖОББМ, № 5 ЖОББМ, № 33 ЖОББМ, № 39 ЖОББМ оқушылары иеленді.
Қалалық қашықтық турының жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысып, жобаны қашықтықтан қорғайтын болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегелер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.