Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абайтану» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
15-04-2025 11:57
«Абайтану» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің  қорытындысы
2025 жылдың 14 сәуірінде  республикалық VII «Абайтану» облыстық кезең олимпиадасы облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, Абайдың адамдық мұрат идеаларын, ар ілімі, толық адам ілімін зерделеуге баулы.
Іс-шараға қаланың, ауданның жалпы білім беру ұйымдарының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен 27 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласынан № 38 (2) және Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды:
- І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым;
- ІІ орынды № 38 мектептің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара иеленді.
Облыстық кезең жеңімпазы - Солтанмұрат Айяулым «Абайтану» республикалық олимпиадасына ағымдағы жылдың 22 сәуір күні қатысады.