Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Менің сыныбым
24-10-2011 10:09
                                                                   Менің сыныбым

 Мен өз сыныбымды  мақтан ете аламын. Достық деген не?  Достық  адамдардың арасындағы қарым қатынас, бір біріне деген құрмет, ұлы сезім ...! Әрине , осы қасиеттер біздің сыныбымызда қалыптасқан.   

 Қазіргі сәтте біздің сыныбымызда  21 оқушы бар. Барлығының оқу және тәрбие үлгілерімі  жоғары деңгейде.  Сыныбымыз өте ұйымшыл, қандай қиын жағдай болмасын, бір бірімізге демеу болып, көмек көрсетіп, қол ұшымызды береміз. Осы ұйымшылдығымыздың арқасында  біз көптеген белестерді бағындыра алдық,  жақсы жетістіктеріміз баршылық .   Мысалы , денсаулық фестивалі  «Street Ball» және  мектеп ішілік  8 -11 сыныптар арасындағы КВН сайысында біздің ұлдардың  «Бес бермақ» командасы белсенділік танытып, «Ең үздік топ» атты номенациясына  ие болып, осы сайыста бас жүлдені жеңіп алды.

 Біздің сыныбымыздың ұлдары Щучье қаласында өткен «БДА» ойынына Амантай  Сарытоқа қатысып « Балалар Даму Академиясы» ойынының жеңімпазы болды. Сол қаладағы 2011 жылғы 9 ауысымында  «Туған тілім –түп қазығым, айбыным» атты  қазақ тілі білгірлерінің  V халықаралық сессиясы бағдарламасы барысында «Жарайсың, жігіттер» байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен  марапатталды.  

Сонымен қатар көңілді тапқырлар  клубының ойынына  ұлдарымыз әрдайым мектептің атын қорғауға ҚМС-ға барады.  Қалғандарымыз спорт, би, ән, музыкалық инструменттерде ойнап, өлең шығару сияқты өнерімізбен  айналысып,  жоғарғы деігейде білімдерімізді көрсетеміз.

Осы жыл біздің сынып үшін ерекше жыл болғалы тұр. Біздің сынып  «Ең  таңдаулы сынып 2011» сайысына қатысып жүр. Менің ойымша осы іс-шарадан жүлделі орын алу үшін ұйымшыл, белсенді сынып болу керек деп ойлаймын. Ал біздің сынып « Ең таңдаулы сынып» болуға лайық !

Осы «Ең белсенді сынып» конкурсы біздің деңгейімізді саралауға мүмкіншілік береді. Ал осы дәрежеге жеткізіп отырған адам –біздің ұстаздарымыз. Ол жандарға мың алғыс!

№25 ЖОМ,  8 «А» сынып оқушылары