Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"ЛИД"
31-10-2011 05:58

 

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «ЛИД» көшбасшылар ассоциациясы қаламыздың әр мектептерінің көшбасшыларынан құралған. Олар нағыз көшбасшылар екенін осы жылдың шілде айында өткізілген жазғы мектепте дәлелдеді.

Осы 3 айдың ішінде балалар өз ассоциациясын тек қала, облыс бойынша ғана емес, сонымен қатар республикаға да танытып, көптеген шараларды ұйымдастырып өткізді. Ассоциация қатарында 12 бағытта жұмыс істейтін балалар топтары біріктірілген. Солардың бірі «ЛИД» Көңілділер мен Тапқырлар клубы.

30 қазан күні Қалалық мәдениет сарайында Көңілділер мен Тапқырлар клубының «Старт» мектеп лигасының фестивалі өтті. Мұнда «Лид» көшбасшылары да қатысып, көрермендерді өздерінің қызықты да көңілді әзілдерімен тәнті қылды. Топ құрамындағы Амеркул Мадияр «Мистер КВН» атағын иеленсе, «ЛИД» тобы «Ең жарқын топ» болып, Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының мәртебесін бір көтеріп тастады.

Жарайсыңдар, балалар!