Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Самый классный класс» қалалық байқауының кезекті кезеңі
22-02-2012 11:21

.23 ақпанда ЖОМ №39 (14.00 – 17.00 с.) Павлодар қаласы жалпы  білім беру мектептері арасында «Самый классный класс»  қалалық  байқауының кезекті кезеңі  өтеді. Бұл кезеңде байқауға  қатысушылардың сынып жұмысының волонтерлік жұмысы бағаланады.

 

2011 мамырда бастау алған, Павлодар қаласы мектептерінің оқу сыныптары арасында жалғасуда қалалық   «Самый классный класс» байқауы  жалпы орта білім беретін мектептерінің тәрбие жұмысы мен балалар ұйымдарының қоғаммен тығыз байланысын, рухани-адамгершілік  тәрбиесін жетілдіру мақсатында өткізіледі. Байқау оқу жылы бойы 9 кезеңде өтеді, ұжымдық шығармашылық шараларды ұйымдастыру,мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру. Байқауда ең негізгі кезеңнің бірі сыныппен жүргізілген волонтерлік жұмыстың тұсау кесері.

Бұл кезең өздігінен ұйымдастырылған оқушылар ұжымы мен балалардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін көрсету болып табылады.

«2012-Самый классный класс» сәуірде қорытынды турда финалда анықталады. Наурызда конкурсантарды  «Көңілді эстафета» (спорттық) және  «Экологиялық  марафон» (экологиялық акция өткізу) кезеңі  күтеді.

Әрбір турдың қорытындысынан кейін командаларға- сыныптарға баллдар қосылады. Қорытынды рейтингісі жылдың «самый классный класс» анықтайды. Қоғамдық  істе белсенділіктен  басқа,бос уақытты мазмұнды өткізу, шығармашылық тапсырмаларды орындау, әділ қазылар оқушылардың  үлгерімін де ескереді.Байқау жеңімпаздары Астана қаласына жолдама  алады.

Байқауға қатысуға   қаланың 25 мектебінің 26 сыныбынан тапсырма қабылданды. Оқу жылында 5-9 сынып оқушылары олар ең жақсы сынып екендігін көрсетуге күреседі.

Байқау балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады,таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды.