12-13 мамырда Павлодар қаласында ұлдар арасында джиу-джитсу бойынша Қазақстан біріншілігінің ашылуы өткізіледі. Турнирге біздің облысымыздың аудандары мен қалалары, сонымен қатар Астана, Қарағанды, Теміртау, Семей, Атырау қалаларының 1997-2003 жылы туған мың жарым спортшылары қатысады.
Турнирдің өткізілуін «Дос» балалардың бос уақытын қамту клубы ұйымдастырды. Оның ерекшелігі қатысушылардың жас ерекшелік құрамы. Ол кездейсоқ таңдалмады. Осы жастағы спортсмендер үшін ресми чемпионат өткізілмейді.
Турнирге аймақтың барлық спорт мектептерінің тәрбиеленушілері,сонымен қатар жарысқа дайындаған спорт және балалардың бос уақытын қамту клубтарының күрескерлері қатысады. Біріншілік қорытындысы бойынша өзін жақсы көрсеткен спортсмендерден облыстық құрама команда құрылады.
Джиу-джитсу бойынша жарысқа самбистер, дзюдоистер,сонымен қатар казакша күрес және айкидо жекпе-жек өкілдері қатыса алады. Күрес өнерінің бұл түрі сирек кездеседі. Джиу-джитсу әртүрлі күрес техникаларын біріктіреді. Джиу-джитсидан карате, дзюдо, айкидо шықты. Бұл жапон күрес жүйесі,қазір балалар арасында әйгілі.
Павлодар мектебінің сирек кездесетін жекпе-жек спорт түрі ежелгі болып табылады. Бұл туралы республикалық және халықаралық деңгейде өткізілетін турнирлер деңгейі және жоғарғы тренерлік құрама,павлодар күрескерлерінің көптеген жетістіктері куәләндірәді. Бұрынғы біздің аймақта жиі өткізілетін аймақтық және республикалық турнирлер сирек бола бастады. Ресми чемпионаттар арасында жарыс тәжірибесін жинау спортсмендер үшін қажетті.
Осы спорттың түрін дамытуға павлодардың бос уақытын қамту клубтары көп үлес қосуда. Мысалы, «Өркен» ББУҚК джиу-джитсу бойынша мектеп оқушылары арасында қалалық балалар – жасөспірімдер турнирін өткізді. Биылғы жылы «Дос» ББУҚК тағы екі ірі турнир өткізуді жоспарлауда.
Джиу-джитсу бойынша ашық Қазақстан біріншілігін «Дос» балалардың бос уақытын қамту клубы жылда өткізуді жоспарлауда.