Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА 5 ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
17-08-2012 04:47
АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА  5 ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ

 

17 тамызда Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығымен қала мектептерінің  ықшам аудандарындағы аула командалары арасында «Ребята нашего двора» 5 қалалық байқауының финалдық  туры өтеді. Жоба «ЖАЗ – 2012» жазғы кезеңінде жасөспірімдер мен балалардың бос уақытының қамтылуы бойынша бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады және        қалада демалушы, аула командаларымен бірлескен балалар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі байқауларды өткізу енгізілді.

Жаз бойы қала мектептерінің ықшам ауданындағы әртүрлі жастағы 10 адамнан құрылған аула командалары әртүрлі байқауларда жарысады. Аулалық шығармашылық топтар ұстаздар,жоғарғы сынып оқушылары  және ата-аналар көмегімен барлық ықшам аудандарда құрылды. Жоба 15 маусымда бастау алып және кезеңмен жүзеге асырылады-байқау 5 турдан тұрады: «Вот мой двор родной», «Спортивный двор» (көңілді старт), «Я это могу» (шығармашылық тур), «Остров природы в нашем дворе» (экологиялық акция), жергілікті ойындар (спорттық және интеллектуалдық тапсырмалар). Әрбір байқау турының нәтижесі бойынша ең жақсы аула командалары дипломдар және сыйлықтармен марапатталады. Жоба қорытындысы 17 тамызда финалдық шарада жасалады. Жеңімпаз-команда Астана қаласына жолдамамен марапатталады.

Жоба  мақсаты: жазғы демалыс кезінде қала оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру; балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық–шығармашылық,практикалық қабілеттілігін және қызығушылық  белсенділігін жүзеге асыру үшін жағдай жасау; ықшам аудандарда  қаңғыбастықтан және қылмыс жасаудан алдын алу бойынша жұмысты белсендіру;кәмелетке толмағандарды бірлескен қоғамдық және мәдени қызметке баулу;қатысушылардың патриоттық тәрбиесі.

Осылай,Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы жазғы кезеңде балалардың ерекше бос уақытын қамтамасыз етеді. Павлодар қаласы Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы сабақтан тыс уақытта барлық жастағы оқушылардың бос уақытын үйлестіру мақсатында құрылған,жазғы кезеңде балалар  мен жасөспірімдердің  бос уақытын  ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі-Павлодар қаласы оқушыларының бос уақытын ұйымдастыруға көптеген жобаларды жүзеге асырады.Бұл нағыз балалардың сауықтырылып,айналадағы өмірді танып біліп,белсенді демалыпжаңа әсер алатын кезеңі.