Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҚР АЛҒАШҚЫ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН АУМАҚТЫ СПОРТТЫҚ ТУРНИРМЕН МЕРЕКЕЛЕЙДІ
28-11-2012 09:17

 

Барлық  республикадағыдай  Павлодарда да Қазақстанның Алғашқы Президент  Күнінкеңінен өткізуге дайындалуда. Көрме, концерт,кездесулер, акциялардың енгізілуімен үлкен мәдени бағдарлама өңделген. Бұдан басқа бірқатар ғылыми-оқу шаралары және қайырымды акциялар,сонымен қатар  спорттық  жарыстар өткізіледі. Павлодар қаласының оқушылары үшін Алғашқы Президент  Күнінмерекелеуге жүздеген балалар қатысатын  аумақты спорттық турнирді  өткізу шешілді.

Қазақстан Республикасының Алғашқы Президент  Күні шеңберінде спорттық турнирді өткізудің ұйымдастырушылары Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы балалардың бос уақытын қамту клубтары. Ұстаздар оқушылар үшін ерекше мереке ұйымдастыруды шешті, себебі мемлекет басшысы  жас ұрпақтың салауатты өмір сүру принципін қалыптастыру қажеттілігін, қазақстандықтарды жаппай спортқа баулудың астын сызып айтты. Бұл шара қаланың оқушылары арасында достық атмосферасын нығайтуға және оларды спортпен белсенді шынығуға шақырады. «Спортты дамытуда  біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін бағалау өте қиын. Сондықтан Алғашқы Президент  Күнін мерекелеу шеңберінде спорттық турнир тақырыбын «Олимпиададағы спортшылар белестері – Елбасы қамқорлығының жетістігі» деп шешті, - деп түсіндіреді ұйымдастырушылар. Біз ұйымдастырылған жарыстың арқасында біздің оқушыларға осы туралы естеріне салайық деген едік. Сонымен қатар, шара  қала мектептерінің  оқушыларын балалардың бос уақытын қамту клубтарының қызметімен, бұдан басқа ұйымдастырылған көптеген ақысыз спорттық секциялармен танысуға бағытталған».

Турнир спорттың 9 түрі енген негізгі бес бағыт бойынша өтеді: шығыс жекпе-жегі (джиу-джитсу, тэквандо,  тайбокс); дзюдо бойынша (күрес); баскетбол және  волейбол бойынша; жүзу; үстел ойындары (шашка); үстел теннисі. Жарыс олимпиада жүйесі бойынша өтеді.

 

Шара  атауы: Павлодар қаласы балалардың бос уақытын қамту клубтарының тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті  Күнін мерекелеу шеңберінде «Олимпиададағы  спортшылар белестері – Елбасы қамқорлығының жетістігі» спорттық турнирі                                              

Өткізу күні  мен уақыты: 2012 жыл,29 қараша 14.00 с. (салтанатты ашылу рәсімі 14.00-14.30 с., 14.30- 17.00 с. жарыс, марапаттау рәсімі)

Өткізу орны:дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы №41 мектеп спорт залы (Суворов к,41)

Ұйымдастырушылар: Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы» МҚКК; «Дос» ББУҚК.