Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ПАВЛОДАРДА ЕҢ ПАТРИОТ ОҚУШЫ АНЫҚТАЛАДЫ
23-01-2013 05:09

 

Шара атауы: Павлодар облысының 75 жылдығына арналған «Мен– патриот!»қалалық  мектеп байқауының финалы.

Өткізу күні  мен уақыты: 2013 жыл,24 қаңтар 15.00 с.

Өткізу орны: «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы» МҚКК

Ұйымдастырушылар:Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы» МҚКК

              

 Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы жыл сайын қала оқушылары арасында «Мен – патриот!» викторина – байқауын ұйымдастырады. Ол әсіресе  Павлодар  облысының 75 жылдығы  мерейтойының өзектілігі, бұл байқау орта және жоғары сынып оқушыларының  еліміздің,облысымыздың, қаламыздың мәдениетіне  және тарихына  қызығушылығын  дамыту мақсатында өткізіледі.

            «Мен – патриот!» байқауына барлық  қала мектептерінің  командаларықатысады.Байқау 5 кезеңде өтеді.Алғашқы – іріктеу кезеңдері өтті. Әрбір турда командаға ұйымдастырылған мектеп өкілдері ойнады, барлық викторинаның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады. Сонымен, финалда іріктеу турының жеңімпаздары кездеседі. Іріктеу турынан өз елінің және туған өлкесінің тарихын білетін ең ақылдылар өтті. Балалар спорттық құмарлығымен байқаудың қызықты іріктеу турын өтті:    

1 тур: мектептің тьютор бірлестігі өздігінен мектеп мұражайын анықтайды  (бұрыш, қабырға), экспозиция бойынша қысқаша ұжымдық саяхат дайындайды.

 2-4 турлар: тьютор бірлестігінің құрама командалары үшін викторина сұрақтары мен тапсырмалар жинағы түрінде өтеді:

·         «Біз біргеміз» - туры Павлодар облысының тарихы бойынша сұрақтар (ежелгі кезеңнен біздің кезеңге дейін).

·         «Атаулары» - шығармашылық түрде облысымыздың дамуына зор үлес қосқан адамның өмірбаяны команданың қысқаша ұсынысы; сонымен қатар облысымыздың белгілі адамдары мен табиғи обьектілерінің атауын білуі.

·         «Оқиға-2012» - аукцион-туры 2012 жылдың 1 қаңтарынан облыстағы уақиғаларды  білуі. Еске түскен уақиғалар саны ескеріледі, сонымен қатар кейбіреуінің толық білуі (әділ қазылар ұсынысы бойынша).

5 тур – финалдық: жеңімпаздар финалдық турда кездеседі, сұрақтар мен тапсырмалар алдыңғы турлардың  тақырыбына  жатады. Мұнда викторинаның жалпы қорытындысы ғана емес,ойыншылардың жеке жетістіктері де анықталады.