Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ПАВЛОДАРДЫҢ ҰСТАЗ ӘУЛЕТТЕРІ
20-02-2013 10:41
ПАВЛОДАРДЫҢ ҰСТАЗ ӘУЛЕТТЕРІ

 

21 ақпанда сағат 14.00-де  (№22 мектептің  мәжіліс залында  (Ак.Шөкин к, 27) «Мектептің 12 сәті» дәстүрлі қалалық фестивалінің шеңберінде мектептің командалары  ұсынып отырған  оқу мекемесінің  педагогикалық  әулеті туралы  тұсау кесерін  ұсынып  «Ұстаз  әулеті» байқауының жетінші  кезеңі өтеді.

«Мектептің 12 сәті» қалалық фестивалі балалар мен жасөспірімдерді ұжымдық шығармашылық қызметке жаппай баулу, мектеп дәстүрін қолдау, оқушылардың туған мектеп тарихына қызығушылығын туғызу, өткен жылғы ұстаздарды еске алу. Қалалық фестивалдің  әрбір «сәті» өмірден өткен,біздің қаланың білім беру бөлім жүйесін  дамытуға маңызды үлес қосқан 12 еңбек сіңірген мұғалімдердің есіміне арналады. Сондықтан «Ұстаз әулеті» туры ең маңызды болып табылады, осының арқасында балалар ұрпақтан ұрпаққа осы эстафетаны тапсырған,өз мектептерінің ұстаздар тарихын жинайды.

            «Мектептің 12 сәті» фестивалі  «Ұстаз әулеті» туры өз алдына оқушыларды  мұғалімдер әулеті өкілдерімен танысады, әрбір отбасының  бірегейлігін көрсету, олардың  бірнеше ұрпақ, көп жылдар бойы жиналған,  қызықты педагогикалық тәжірибесі  туралы әңгімелеу. Бұл жоба – тек жеке адамдарға шынайы алғыс  білдіру емес, сонымен қатар ғылым мен ағартуға, педагогикаға, білімге, тәрбиеге өмірін арнаған толық отбасыларына алғыс білдіру. Мұғалім – бұл тек мамандық ғана емес, бұл мәңгілік,ізгілік борыш.

«Ұстаз әулеті» туры  40 жылдан аса өмірін  педагогикалық  қызметіне арнаған  тарих мұғалімі Тайғұлин  Аманкелді ағаның есіміне арналады. Бір қатар  аудан  мектептерінің   басшы қызметінде жұмыс  істеп, білім жүйесін  дамытуға зор үлес қосты. «КазССР ағарту үздігі» медальмен  марапатталды. 1997-2010 жылдары  №9, № 22 және  Павлодар қаласының Абай  атындағы №10 мектеп лицейінде  тарих пәнінен  сабақ берді.

Бұл аумақты  мектеп фестивалі қазан айында бастау алды. Фестиваль,мектептің әртүрлі бағыты бойынша 12 «сәт» байқау кезеңінен тұрады,ең ұзақтығы – жыл бойы 12 кезеңмен өтеді (осы оқу жылында басталып,келесі оқу жылында аяқталады). Фестиваль жаппай болып табылады – оған бірнеше мың оқушы қатысады,мыңдаған ұстаздар іске қосылды.

Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40%  лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы  және  барлық  жанрдағы  лауреат  санымен анықталады.