Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ПАВЛОДАРДА ЕҢ ЖАҚСЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ АТАҒЫНЫҢ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
04-03-2013 10:24
ПАВЛОДАРДА ЕҢ  ЖАҚСЫ  СЫНЫП  ЖЕТЕКШІСІ  АТАҒЫНЫҢ  БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

 

5 наурызда  сағат 13.30 (№24мектептің мәжілісзалында (Кутузов к, 190)  «Мектептің 12 сәті» - «Классная дама», дәстүрлі қалалық фестивалінің сегізінші кезеңі өтеді, мектептің командалары сүйікті сынып жетекшілері туралы тұсау кесерін ұсынды. Бұл ерекше байқау Халықаралық 8 наурыз әйелдер күні қарсаңында өтеді.

«Мектептің 12 сәті» қалалық фестивалі балалар мен жасөспірімдерді ұжымдық шығармашылық қызметке жаппай баулу,мектеп дәстүрін қолдау, оқушылардың туған мектеп тарихына қызығушылығын туғызу,өткен жылғы ұстаздарды еске алу. Қалалық фестивалдің  әрбір «сәті» өмірден өткен, біздің қаланың білім беру бөлім жүйесін  дамытуға маңызды үлес қосқан 12 еңбек сіңірген мұғалімдердің есіміне арналады.

Сондықтан «Классная дама»туры маңызды болып табылады, осының арқасында балалар сынып жетекшілерінің  қажеттілігі туралы еске түсіреді. Сынып жетекшісі алғашқы мұғалімнен кейін  мектептегі ең жақын ұстаз болып табылады.

Сынып жетекшілерінің институты өзінің ғасырлар бойы дамуында құрылысы жағынан да, орындалатын функционалдық міндетінен де  маңызды өзгерістерге ұшырады. Мамандардың пікірі бойынша, совет одағы құлағаннан кейін мектеп қалыптасқан мақсаттан және тәрбиенің рацционалдық жүйесінен айрылды, сынып жетекшісі нысандылыққа айналды. Осындай жағдай он жылдай сақталды. Қазіргі кезде білім беру саласында бұл жақсы жаққа карай ауыса бастады:басы авторлық тәрбие  концепциясы және жүйесі, тәрбиені  мектеп қабырғасында ұйымдастыруға үлкен  роль бөлінеді. Сондықтан бүгінгі күні  мектептегі негізгі  тәрбие жүктелімін алып жүретін, сынып жетекшілерінің жұмысы, оқушылардың сыныптан тыс жұмысын жүзеге асыру және ұйымдастырудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осы жоба – ұстаздарға шын жүректен алғыс білдірудің тәсілі. Ұстаз - бұл тек мамандық ғана емес,бұл мәңгілік,ізгілік борыш. «Классная дама» туры 1989 жылдан  мектептің мемлекеттік тілді оқыту қызметінің  ұйымдастырушысы №24 мектеп директорының орынбасары 30 жылдан аса өмірін  педагогикалық  қызметіне арнаған қазақ тілі  мұғалімі   Жабагина Камок Рахимгожақызы  есіміне    арналады.

Ауқымды мектеп фестивалі   қазанда бастау алды – алғашқы байқау кезеңі өткізілді.Мектеп өмірінің әртүрлі бағыты бойынша 12 байқау фестивал «сәтінен» тұратын  фестиваль, ең ұзақ – жыл бойы 12 кезеңмен өтеді (осы оқу жылында басталып,келесі оқу жылында аяқталады).Сонымен қатар, фестиваль жаппай болып табылады – мұнда бірнеше мың оқушы қатысып,мыңдаған ұстаздар қызмет етеді.

 Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40%  лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы  және  барлық  жанрдағы  лауреат  санымен анықталады.