4 сәуірде сағат 13.30-да (№13 мектептің мәжіліс залында Ломов к,45/1) «Мектептің 12 сәті»- «Мейірімді жолымен» дәстүрлі қалалық фестивалінің тоғызыншы кезеңі өтеді. Бұл кезеңде байқауға қатысушылардың, мектептің қайырымдылық қызметі бағаланады. Командалар жасалған мейірімді істердің нағыз есебін дайындады.
Бағдарлама фестивалінің байқау кезеңінің шеңберінде мектеп командалары өткізілген волонтерлік жұмысы туралы тусау кесерін ұсынады. «Мейірімді істер» туры балалардың әлеуметтік жауапкершілігі мен оқушылар ұжымының өзіндік ұйымдастыру деңгейін көрнекті көрсетіп бейімдеу. Әділ қазылар байқаудың бұл кезеңін бағалап қана қоймайды-мейірімді істер шамасын анықтау оңай емес. Ал бұл балаларда аз емес. Олар ардагерлерге, жасы үлкен адамдарға көмектесіп,балалар үйіне концерт, салауатты өмір сүруден сақтандыру бойынша шаралар ұйымдастырып, экологиялық акциялар және тағы басқаларды өткізді.
«Мектептің 12 сәт» қалалық фестивалі балалар мен жасөспірімдерді ұжымдық шығармашылық қызметке жаппай баулуға ,мектеп дәстүрін қолдауға, оқушыларды туған мектебінің тарихына қызығушылығын арттыру, өткен жылғы ұстаздарды еске алу. Қалалық фестивалдің әрбір «сәті» өмірден өткен, біздің қаланың білім беру бөлім жүйесін дамытуға маңызды үлес қосқан 12 еңбек сіңірген мұғалімдердің есіміне арналады. «Мейірімді жолымен» туры педагогикалық қызметте 45 жыл еңбек сіңірген сызу мұғалімі Роганская Галина Васильевна есіміне арналады.№13 мектепте 1959 жылдан 2004 жылға дейін жұмыс істеген. Облыстағы көп жылғы еңбегі үшін мақтау грамоталарымен марапатталды. Галина Васильевна мұғалімдер үшін үлгі, өз мамандығының мақтанышы бола білді.
Аумақты мектеп фестивалі қазан айында бастау алды. 12 «сәт» байқау фестивалінен тұратын фестиваль жыл бойы 12 кезеңнен, мектеп өмірінің әртүрлі бағыты бойынша өтеді (осы оқу жылы басталып,келесі жылы аяқталады). Фестиваль жаппай болып табылады – мұнда бірнеше мың оқушы, мыңнан аса мұғалім қатысады.
Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40% лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы және барлық жанрдағы лауреат санымен анықталады.