Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «БАЛАУСА-2013» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА / Мектептің халық аспаптар оркестрінің байқауы
03-04-2013 06:06
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «БАЛАУСА-2013» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА / Мектептің   халық аспаптар  оркестрінің  байқауы

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  Балалардың  бос уақытын қамту және шығармашылық орталығымен жыл сайын өтетін «Балауса -2013» балалар шығармашылық фестивалі жалғасуда. Ежелгі балалар шығармашылық байқауының бірі қаланың талантты оқушыларын біріктіреді. 5 сәуірде  сағ.11.00. Естай атындағы МС кіші залында «Халық аспаптар оркестрі»  туры өтеді.

«Халық аспаптар оркестрі»номинациясы фестиваль  бағдарламасына  екінші  рет еніп отыр – алғашқы рет 2011 жылы  енгізілді. Өткізілген  байқаудың   қорытындысы бойынша  ұйымдастырушыларымен  музыкалық шығармашылықтың осы түріне  оқушылардың  қызығушылығын  қолдау үшін, бұл   жанрды      фестиваль бағдарламасына  үнемі енгізуді шешті. Мектептің  халық аспаптар оркестрі  қызметін  ынталандыруға қажетті,олардың арқасында балалардың  музыкалық   дағдыларын ғана емес , ұлттық мәдениетін,дәстүрін  және  тарихын  танып білуге баулиды.

Дәстүрлі фестиваль  байқау жанрының  көбею себебінен  өткен жылдың аяғынан  әдеттегіден ертерек басталды. Фестиваль  жыл сайын  ауысатын  балалар шығармашылығының   үш  бағыты бойынша байқау жариялайды. Биылғы жылы байқау бес номинацияда өтеді – «Бағдарлама жүргізушісі», «Халық аспаптар оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Өзіндік жанр». Бүгінгі күнге  ұйымдастырушы комитетімен қатысуға қаланың барлық  мектептен тыс мекемелерінен және мектептерден, сонымен қатар балалар үйінен, мектеп-интернаттардан жүздеген тапсырыс қабылданды. Жылдан жылға  қатысушылар саны ғана емес, оның шеберлік деңгейі де өсуде. Әділ қазылар құрамына  енген   кәсіби вокалистер, музыканттар, хореографтар, актерлер,қаланың мәдени орталығының, музыкалық мектептің, педагогикалық  колледждің оқытушыларына, жылдан жылға байқауға қатысушыларды бағалау қиынға түсуде, әрбір орындаушы бірегей, өз стилімен ерекшеленеді.

«Халық аспаптар оркестрі» - номинация байқауы фестивалдің төртінші іріктеу кезеңі (қараша айында «Бағдарлама жүргізушісі», қаңтарда«Өзіндік жанр»,ақпан айында «Вокал» байқауы өтті). Әрі қарай «Хореография» номинацияның байқауы өтеді. 

Жас дарындардың шығармашылық жарысы оқу жылына созылады. Қорытынды сәуір айында дәстүрлі гала-концертте жасалады. Ең жақсы қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді. Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40%  лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы  және  барлық  жанрдағы  лауреат  санымен анықталады.

«Балауса»  балалар шығармашылығы  фестивалінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады,таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды. «Балауса» фестивалінің басты ерекшелігі  оның арқасында жаңа бастаған таланттар  үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын бастайды оған  тек қана көркемөнер ұжымы және жеке орындаушылар қатысуға құқылы .