Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЖАС ҰЛАН» ПАВЛОДАР ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨМЕГІМЕН БИЗНЕСКЕ ҮЙРЕТЕДІ
08-04-2013 12:17
«ЖАС ҰЛАН» ПАВЛОДАР ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨМЕГІМЕН БИЗНЕСКЕ ҮЙРЕТЕДІ

 

Мектеп көшбасшылары өздерін кәсіпкер ролінде көрсете алады. Оқушылар арасында экономикалық, кәсіпкерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  павлодарлық ұстаздармен бірегей тәсіл қолданылады: «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы» алғашқы рет Павлодарда «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар –жасөспірімдер ұйымының белсенділерімен бірлесіп оқушылар үшін дамытушылық   экономикалық ойын ұйымдастыруда, бұл «Шығыс базары» түрінде өткізіледі.

Ақшаны дұрыс пайдалана білу, басқа да нәрселерді білу сияқты, жас кезінен тәрбиелену керек-дейді психологтар. Кез-келген ақпаратты балалар тез қабылдайды егер ол ойын түрінде өткізілсе. Сондықтан қала ұстаздарымен оқушылар үшін экономикалық білімін дамытатын арнайы байқау өткізу шешімі қабылданды. Жыл сайын «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы мүшелерімен ұйымдастырылатын  «Біз біргеміз!» атауымен мектептің өзін-өзі басқару дәстүрлі байқауының кезекті іріктеу туры шеңберінде байқау жоспарланды. «Жас Ұлан» ББЖҰПавлодар  қаласы  жалпы білім беретін  оқу мекемелеріндегі  «Жас Ұлан» мектеп комитеттерін  біріктіреді. Жоба көшбасшылық сапасын қалыптастыру, ұйымдастырушылық іскерлігін, шығармашылық қабілетін, сонымен қатар «Жас Ұлан» мектеп комитетінің  қызметін белсендіру мақсатында жүзеге асырылады.

«Біз біргеміз!» байқауының бірінші турында қала мектептерінің қатысушы командалары әділ қазылар алқасына мектептің өзін-өзі басқаруының  жүзеге асырылатын түрлерінің тұсау кесерін ұсынды. «Біз біргеміз!» мектептің өзін-өзі басқару байқаудың ұйымдастырушыкомитетімен Павлодар қаласы «Жас Ұлан»  мектеп комитеттерінен 30 тапсырма қабылданды. Тұсау кесер кезеңінен кейін 2012 жылдың желтоқсанынан - 2013 жылдың наурызына дейін  патриоттық, шығармашылық, спорттық-туристік – үш бағыт бойынша әртүрлі әлеуметтік –маңызды шаралар өткізу жоспарланған. Жоба финалы сәуір айында  лауреаттар мен жеңімпаздарды анықтайтын шығармашылық есеп түрінде өткізіледі. Бірінші орын алған мектептің өзін-өзі басқару органының ұжымына «ЛиД» ауыспалы  кубогын табыс етеді.

Экономикалық ойынға «Біз біргеміз»мектептің өзін-өзі басқару қалалық байқауының қатысушылары қатысады. Жобаның 5 финалисттері финал байқауы үшін ұпай жинайды. Байқаудың қалған  қатысушылары (басқа мектептің өзін-өзі басқару командалары)финалдың 6 орыны үшін күреседі. Осылай  басында финал байқауына қатыспаған командалар да қатыса алады. Ең жоғары ұпай жинаған команда, «финалисттер емес» арасында  финалда 6 орын алады.

Шығармашылық экономикалық  орталығы – экономикалық  ойын, 15-20 адамнан тұратын команда, өз шығармашылығы үшін ақша алады. Ойын қатысушыларына  шығармашылық  дүкені құрылады. Бұл қолдан жасалған бұйымдар, сурет салу, би, ән, музыка т.б.сату. Осылай балалармен нағыз шығыс базары жаңғырады. Сатушыларды қызықтыру үшін командалар өздерінің сату ұсыныстарын ойластыру керек. Команда мақсаты көп ақша табу. Ол үшін ойын   валютасы құрылған. Әрбір  команда басқа командалардың  тауарларын пайдалану үшін белгілі ақша алады. Ойын барысында маңызды фактор – жарнама. Сату жарнамаға байланысты, сондықтан тауарларды тарататын командалар  сату  агентігін құрады. Көп ойын ақшасын жинаған команда, финал үшін ең жоғарғы ұпай алады.