Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Равнение на Флаг!» жалаулар тобының VI қалалық байқауы
29-04-2013 10:05
«Равнение на Флаг!» жалаулар тобының VI қалалық  байқауы

 

Жеңіс  Күнін мерекелеу  шеңберінде Павлодар қаласы мектептерінің жалаулар тобының арасында 26 сәуірде Жеңіс алаңында Даңқ ескерткішінде «Равнение на Флаг!»жалаулар тобының VI қалалық  байқауы  өткізіледі.

«Равнение на Флаг!»жалаулар тобы  қалалық  байқауы оқушылардың  жоғарғы   қазақстандық  патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отанына сезімін арттыру,жеке тұлғаны дамыту, азаматтық  борышын  орындауға  дайын болу мақсатында жыл сайын  өткізіледі.

Байқауды ұйымдастырушылардың басты мақсаты  тоқсаныншы  жылдардың басында  жыл бойы Мәңгілік  от алаңында  қала мектептерінің жоғарғы сынып  оқушыларынан ұйымдастырылған жалаулар тобының  кезегін  қайта жаңғырту болып табылады.

Байқауға қала мектептерінің  отыздан аса  жалаулар тобы қатысады. Әділ қазылар  құрамының жұмысына қалалық  әскери басқармасы, соғыс және еңбек ардагерлері,қала мектептерінің АӘД мұғалімдері  енеді. Байқауға  қатысу  келесі  критерийлер  бойынша  бағаланады: команданы анық  орындау, саптық адым, сыртқы түрі,  Қазақстан Республикасының  рәміздерін, Конституцияның  негізгі  заңын,АӘД негізін және туған елінің тарихын  білу.Жеңімпаздарды  диплом және  естелік сыйлықтар күтуде.

Дәстүр бойынша  байқау  жалаулар  тобының салтанатты маршымен ашылады және жабылады.