30 сәуірде сағат 15.00-да Естай атындағы МС өтетін «Балауса -2013» балалар шығармашылық фестивалі лауреаттардың ең жақсы нөмірлерімен гала-концерт аяқталады. Осы шарада фестиваль қорытындысы жасалады: «Бағдарлама жүргізушісі», «Халық аспаптар оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Өзіндік жанр» - бес номинацияда байқау лауреаты анықталды, сонымен қатар мектепке берілетін «Балауса» кубогының иегері, лауреат атағымен белгіленген оқушылар және шығармашылық ұжымдар.
Фестиваль жыл сайын ауысатын балалар шығармашылығының үш бағыты бойынша байқау жариялайды. Биылғы жылы байқау бес номинацияда өтті – «Бағдарлама жүргізушісі», «Халық аспаптар оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Өзіндік жанр». Соңғы жанр фестиваль бағдарламасына алғаш рет тәжірибе ретінде сиқыр көрсету, канат бойынша жүру, үйретілген аңдармен жұмыс, әртістік сайыс, жарық шоуы, көркемдік ысқырық, акробаттық нөмірлер және т.б. енді.
Жас таланттардың шығармашылық жарыстары оқу жылы бойы жалғасты. Бұған 200-ден аса нөмір ұсынған, бір жарым мың оқушылар қатысты. Ұйымдастырушы комитетімен қатысуға қаланың барлық мектептен тыс мекемелерінен және мектептерден,сонымен қатар балалар үйінен, мектеп-интернаттардан 150 тапсырыс қабылданды. Әділ қазылар құрамына енген кәсіби вокалистер, музыканттар, хореографтар, актерлер, қаланың мәдени орталығының, музыкалық мектептің, педагогикалық колледждің оқытушыларымен 200-ден аса шығармашылық нөмір қарастырылды («Бағдарлама жүргізушісі», «Халық аспаптар оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Өзіндік жанр»). Жылдан жылға байқауға қатысушылардың саны ғана емес олардың шеберлік деңгейі де өсуде, - деп белгілейді әділ қазылар.
Ежелгі балалар шығармашылық байқауының бірі қаланың талантты оқушыларын біріктіреді. «Балауса» фестивалінің басты ерекшелігі оның арқасында жаңа бастаған таланттар үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын бастайды оған тек қана көркемөнер ұжымы және жеке орындаушылар қатысуға құқылы. «Балауса» фестивалімен қаланың барлық бастаушы жұлдыздарының байқауы ұйымдастырылды.
Фестивалді аяқтайтын дәстүрлі гала-концертте лауреат атағымен қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді. Осы балалар үшін, фестивалға қатысудың басы өз талантын көрсету,кәсіби мамандардың бағасын алу,көптеген жаңа бастаушы таланттардың бастауы болған тарихы бай фестивалдің бір бөлігі болу.
«Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады,таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды. «Балауса» фестивалінің басты ерекшелігі оның арқасында жаңа бастаған таланттар үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын бастайды оған тек қана көркемөнер ұжымы және жеке орындаушылар қатысуға құқылы.