.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін Павлодар қаласының тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып,кеңінен атап өтті.
Негізгі мәдени шара Ленсаябағындағы сахна төрінде өрбіді.Мұнда ББУҚШО клубтарының «Балаларға көңіл-күй сыйлайық» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Әсем ән мен тәтті күйден жыр сыйлаған дарынды ұл-қыздар жиналған жұртшылықты өнерлерімен тәнтті етіп,көңілдерінен шыға білді. Балғындардың жүзін нұрға бөлеген мереке Павлодар қаласының әр шағын ауданында аталып өтті.
Концерттік бағдарламасы барысында облысымыздың бетке ұстар ұл-қыздары ерекше қошеметтелді.Олардың қатарында республикалық олимпиадаларда және зияткерлік,спорттық,шығармашылық байқауларда топ жарған оқушылар бар. Осындай жеткіншектердің тілегі қабыл болып,ұлт болашағы-келер ұрпаққа деген қамқорлық үзілмесе екен деген тілек білдіреміз.