самый классный класс
2014 жылы 6 ақпанда №2 ЖОМ мәжіліс залында «Самый классный класс» байқау шеңберінде «Один в один» бесінші туры өтті. Жалпы 302 бала қамтылуымен 17 сынып қатысты.
Бұл тур әзіл-сықақ байқауы түрінде өткізілді. Орындау мазмұнында эстрада әртістері, спортшылар, бишілер, жүргізушілер және тағы басқа белгілі тұлғалардың әзілдері ұсынылды.
«Самый классный класс» байқауы өзін-өзі ұйымдастыру шығармашылығы, өзін-өзі жүзеге асыру, оқушылар ұжымының өздік бақылауы, ұжымдық қызметтестік іскерлік деңгейін айқындау, балалар мен жасөспірімдердің қажеттілігін қалыптастыру үшін бәсекелестік қабілеті мен жеке тұлғаның атқарымдылығын ашық әлеуметтік кеңістігін құру мақсатында өткізіледі