![Азаматтық - құқықтық мектебінің «ЗАҢ» ашық сабағы](/media/img/blogs/53041f6c312dd.jpg)
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында 18 ақпан күні - «Бақыт деген не?» тақырыбына байланысты азаматтық - құқықтық мектебінің «ЗАҢ» ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты: жасөспірімдерді ой – қабілетін дамыту және тәрбиелеу. Осы ашық сабақтың оқытушысы Кенжекөл орта мектебінің ұстаз - ұйымдастырушы С.С. Касенова оқушыларға өз мәліметін жеткізді. «Бақыт деген не?» сабағында оқушылар мен ұстаздар қатысты. Оқушыларға тапсырма беріп және олар өз ойларымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты әртүрлі ойындар болды. Ашық сабақта № 2, 11, 12, 23, 26, 43 мектептерінің оқушылары белсенділіктерін көрсетті.
Азаматтық – құқықтық тәрбие бағытының ұстаз - ұйымдастырушы Ж.Н.Жұмабаев оқушыларға белсенді қатысқан үшін алғыс білдіреміз.