Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қолы алтын шебер
06-12-2016 04:41
Қолы  алтын шебер
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпы еңбек қоғамы күні шеңберінде 2016 жылы 5 желтоқсанда «Қолы алтын шебер» тақырыбына арт-кездесу өткізілді. Шара мақсаты оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау үшін жақсы атмосфера және жан-жақты шығармашылық ортаны құру болып табылады.
№ 4, 7,9,11,14,15,17,18,29,30,35,37,38,ЖОМ оқушылары «ТОР STAR» клубының хореографы және фитнес нұсқаушысы Чернов Кирилл Евгеньевичтің жұмысы және оның ұжымының жетістігі туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдады,брейк - данс стиліндегі балалар орындауын көрді. Көптеген балалар қазіргі бимен айналысуға тілек білдірді.
Қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесінде оқушылар әртүрлі техникада орындалған өз жұмыстарын ұсынды.
Жәрмеңке өткізілгеннен кейін Яковлева Елена Юрьевна дизайнер, гример және павлодарлық блогер сөз сөйледі.Ол балаларға қазіргі бейнероликтердің қалай құрылатынын түсіндірді және өз жұмысын гриммен көрсетті.
Ұстаз Проненко Лариса Васильевнаның еңбек туралы баяндамасы балаларды қызықтырды. «Мен туралы» фильмінде оның өмірлік және педагогикалық жолдары көрсетілген.
Қонақтармен ұсынылған кездесудегі пікір таласқа оқушылар қызығушылықпен белсенді қатысты. №7 би ұжымының орындауы мерекені безендірді. Барлығы 44 оқушы қатысты.
imag4177