Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мамандық әлеміне жол ашамыз
19-10-2016 07:39
Мамандық әлеміне  жол ашамыз
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығынында «Сүйікті мамандық» тақырыбына «ЗАҢ» азаматтық-құқықтық мектебінің дискуссиялық сағаты өтті. Шараға «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалы аппаратының басшысы Сарсенов Оразали Төлегенұлы, қалалық Әкелер кеңесінің төрағасы Конопля Вячеслав Александрович және №7 мектеп психологы АбдалиноваАрианаТалгатқызы қатысты. Шараны «ББУҚШО» МҚКК басшысы Павловская Наталья Алексеевна ашты. Азаматтық-құқықтық мектебінің жетекшісі Қайырқанова Нәзігүл Базарқызы балаларды мамандық әлемімен таныстырды, барлық өмірін сол мамандыққа арнайтындай істі қалай таңдау керектігін айтты Сарсенов О.Т. «Жас Отан» жастар қанаты жұмысы туралы айтып балаларға рух берді, «Жас Отан» жастар қанаты, олардың әрқайсысы көптеген салаларда өздерін көрсете алатын мүмкіншілігі бар екенін түсіндірді. Конопля В.А. балаларға өзінің машинист мамандығы туралы айтты, олардың отбасының көптеген ұрпағының ер адамдары осы мамандықта жұмыс істеді. Абдалинова А.Т. балалармен қызықты тренинг,дамытушы ойындар өткізді, балалардың шығармашылық қабілетін оятуға мүмкіндік берді. Балалар өмірде өз орнын таба алатынына сенімдіміз!