Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қарттарым асыл қазынам!
19-10-2016 02:51
Қарттарым асыл қазынам!
18.10.2016 ж. Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының ұйымдастырушы-ұстазы «Шығармашылық MIX» балалар бірлестігінің жетекшісі А.Б. Темірғалинова Павлодар облысының мүгедектер және қарттар интернат-үйінде қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Бағдарламада № 12 ЖОМ оқушылары Кәрібай Нұрбек және Назымбек Қосман қазіргі қазақстан композиторларының өлеңдерін орындады, № 33 ЖОМ оқушысыУахит Шынғысхан, домбырамен белгілі композиторлардың шығармаларын орындады. Әсіресе көрермендер «ЛИД» балалар –жасөспірімдер ассоцациясының көшбасшылары орындауында үнді биі, №7 ЖОМ оқушысының орындауында флэшмоб, №6 ЖОМ оқушылары Кутькова Екатерина, Гостюшева Алина, Данилюк Салтанаттың орындауындағы әзіл өлеңдерді жылы шыраймен қарсы алды. Күзгі суық күндері балалар қарттар үйінің тұрғындарын қуантты және көп жылы сөздер, жаңа кездесулер туралы тілектер айтылды. Концерттік бағдарламаға № 4, 6, 7, 12, 19, 20, 25, 33, 35 ЖОМ оқушылары қатысты.