Қала Күніне арналады
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының ұстаздары қала Күніне арнайы «Двойная радость» атымен балалар үшін байқау дайындап өткізді. Осы жолы ол егіздерге арналды. Қалалық ойын-сауық және мәдени саябағының сахнасындағы байқауға № 4, 9, 18, 25, 35, 36, 41 қала және Жетекші мектептерінің оқушылары қатысты. Байқау үш турдан тұрды және егіздер арасында талантты тұлғаларды айқындау мақсатын қойды,оларды белсенді әлеуметтік-мәдени қызметке баулу және өзін-өзі жүзеге асырып дамытуға мүмкіндік беру. Байқау жеңімпаздары № 18 мектеп егіздері Тышқанова Риза және Римма. Екінші орын № 25 мектеп оқушылары Баиз Аружан және Еркежан, үшінші орын № 36 мектеп оқушылары –ағайынды Кайролла, Батырхан және Абылайхан алды.