Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаз. Бала. Денсаулық» жобасын жүзеге асыру
22-05-2017 03:19
 «Жаз. Бала. Денсаулық» жобасын жүзеге асыру

        2017жылы 19 мамырда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығымен «Жаз. Бала. Денсаулық». жобасы мектеп санитарлық дружина қалалық байқауының II сыртқы туры өтті.
Жоба мақсаты –жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету,төтенше жағдайда тәртіп дағдылары мен практикалық іскерлігін жетілдіру,оқушылар арасында салауатты және қауіпсіз өмір сүруді насихаттау және дәріптеу.
Сырттай турға № 4, 12, 13, 18, 20, 25, 26, 27, 29, 37, 39, 41, Жетекші мектептері қатысты. Жалпы білім беру мектептерінің командалары «Салауатты өмір сүру мектебі» бейнеролигін ұсынды, салауатты өмір сүруді қалыптастыру бойынша жұмысты дайындауда шығармашылық жолдарын көрсете білді.
2 турдың қорытындысы бойынша финалға № 18, 25, 26, 27, 37, 41, Жетекші мектептерінің командалары шықты.Техногендік апат қаупі және табиғат өзгерістері болғанда,мектеп санитарлық дружинасын дайындау,төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсетуге олардың дайындығын қолдау өзекті мәселе болып табылады. Осындай байқаулар оқушыларға жаңа волонтерлерді тәрбиелеуге, алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын алуға көмектеседі –деп белгілейді Орталық директорының орынбасары әділ қазы мүшесі Жүсіпова Гүлнар Алиаскарқызы .
«Жаз. Бала. Денсаулық» жобасы III турдан тұрды. 12 мамырда медбикелер Күніне арналған «Саяхат.Денсаулық» I турында оқушылар өздерінің визит картасын ұсынды.
III финалдық тур -«Активно и спортивно!» станция бойынша ойын 2017 жылы 9 маусымда қалалық ойын-сауық орталығында өтеді.