Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
География бойынша қалалық олимпиада
10-10-2017 11:28
  География бойынша  қалалық  олимпиада

    2017 жылы 10 қазанда №7 ЖОББББМММ негізінде Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша ауызша олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиада 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білімін дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жоспарланған.
  Олимпиада мақсаты қала мектептерінің оқушыларынан география бойынша олимпиядалық резерв мектебін құру және қалалық деңгей олимпиадасына оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру.
     Олимпиадаға қаланың № 1, 5, 6, 7, 9,12,16, 17, 25, 26, 28, 29, 33, 34, 36, 39, 42 мектептерінен 27 оқушы қатысты.
      Балаларға бес тапсырма ұсынылды, география бойынша облыстық олимпиядаға өту үшін, оның үшеуін міндетті түрде орындау керек.Барлық оқушылар өз жауаптарын олимпиада әділ қазылар мүшелеріне ауызша баяндады.
Қалалық олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын №39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ишимцева Екатерина, 2 орын №28 ЖОМ 8 сынып оқушысы Полищук Юлия, 3 орын №16 МЛ 8 сынып оқушысы Искаков Санжар алды. Барлық олимпиада қатысушыларына «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшысы Шаймұрат А.Б. салтанатты түрде сертификат тапсырды.
   Олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының Құрмет грамотасымен №33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шаймарданов Нұрмұхаммед марапатталды.
     Барлық олимпиада қатысушылары сертификат алды.