Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас зерттеушілер байқауы
14-10-2017 12:15
Жас  зерттеушілер байқауы

    2017 жылы 14 қазанда Павлодар қаласы № 37 ЖОМ «Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.Байқауға қаланың 38 жалпы білім беру мектебінен 1-7 сынып оқушылары- жас зерттеушілер қатысты.
   Байқауға оқушылардың 241 шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары ұсынылды. Оқушы жұмыстарында-өз өлкесінің тарихи және мәдени мұрасымен, математикалық теңдеу құпияларымен танысады, кристалл қасиетімен,қуат үнемдеу мәселелерін үйренеді,үй жағдайында ауаның ылғалдылығын өлшейді, сән-қолданбалы өнердің ғажайып әлемін ашады,мектепте театрмен айналысқан компьютерлік тәуелділікті жеңуді ұсынады.Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өтті: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика және информатика, физика және техника;медицина және психология; тарих, өлкетану және этномәдени, биология және химия, экология және валеология. 
   Оқушылар жобасы қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен тыңдалды. Байқау қорытындысы бойынша 1-4 және 5-7 сынып оқушылары үшін жеке жүлделі орындар берілді.
        Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың 104 авторы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын- 19 оқушы, II орын -32, III орын- 53. I, II, III орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.Барлық қатысушылар Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен белгіленді.