Оқушылардың 56 қалалық олимпиадасы
2017 жылдың 7, 8 желтоқсан күндері № 16 лицей – мектебінде жыл сайын өтетін қалалық пәндер олимпиадасы өткізілді. Қалалық олимпиаданың ІІ кезеңіне 8 - 11 сыныптардан 710 оқушы қатысты.
Қаланың 41 жалпы білім беру мектептерінен ең көп олимпиадалық команда ұсынған мектептер: №9, №25, №39, №34, №42 мектеп командалары.
Олимпиада қорытындысы бойынша 350 оқушы жүлделі орындарды иеленді, оның ішінде 71 оқушы І орынды, 107 оқушы ІІ орынды, 173 оқушы ІІІ орынды иеленді.
Қалалық олимпиаданың ең үздік қатысушылары 2018 жылғы қаңтар айында өтетін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қала мектептерінің намысын қорғайтын болады.