Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әй, жарайсың!»
22-02-2018 10:06
«Әй, жарайсың!»

     «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен, 2018 жылы 22 ақпан күні «Әй, жарайсың!» қалалық байқауының жартылай финалының іріктеу кезеңінің соңғы күні өтті.
      Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеріп, тілге құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлерді өз мәтінде көрсете білу.
      Сайысқа қала мектептерінің 7-8 сынып өзге ұлт оқушылары қатысты.
      «Әй, жарайсың!» байқауы үш бөлімнен тұрды:
І бөлім «Дос болғанға құшақ жаяр туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз» сәлемдесу.
ІІ бөлім «Тілі екеудің – ділі екеу» капитандар сайысы.
ІІІ бөлім «Өнерлінің өрісі кең» таланттар сайысы.
       Байқауға қаланың № 4, 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 36, 39, 40, 42, 43, ЖСОШ, КСОШ мектептері қатысты. Осы мектептердің ішінен финалға № 7, 9, 21, 28, 29, 33, 34, 36, 39, 41, 42,43 өтті.
Байқауға қатыспаған мектептер № 1, 20, 32, 38.