Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
13-03-2018 16:18
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

«Құрмет» орден иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, академик К.Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 2018 жылы 13 наурызда Павлодар қаласы №37 ЖОМ негізінде өткізілді. 
Олимпиадаға Павлодар қаласының 19 мектептерінен 9-11 сыныптардан 47 оқушы қатысты. 
Олимпиаданың мақсаты - Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын айқындау, қолдау және дамыту, қазақ тілі және әдебиеті бойынша оқушылардың білімін тереңдету және жетілдіру, патриотизмді, азаматтықты дамыту, ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыту. 
Олимпиада екі кезеңмен өткізілді - жазбаша және ауызша. Бірінші кезеңде оқушылар К.Бітібаеваның педагогикалық жолдары мен қазақ ақындарының шығармалары, Махамбет поэзиясы, ұлы Абай шығармашылығына байланысты ұсынылған тақырыптың біріне эссе жазды. Екінші кезеңде -К.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрағаты және баспасөз еңбектері туралы, қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша марапатталды:
I дәрежелі дипломмен 3 оқушы марапатталды:
№ 38 мектебінің 9 сынып оқушысы Солтанмұрат Камила
№ 20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Алимхан Ботагөз;
№ 25 мектептің 11 сынып оқушысы Адамова Дариға;
II дәрежелі дипломмен марапатталды:
9 сынып оқушлары Пазылбек Ботагөз №35 ЖОМ, Казбекова Жансая № 25 ЖОМ
10 сынып оқушылары Жунусханова Самал № 37 ЖОМ, Сайдағали Анель № 25 ЖОМ;
11 сынып оқушылары Мүкәрәм Нәзік Кенжекөл мектебінен, Қабдылбари Анель № 37 ЖОМ;
III дәрежелі дипломмен марапатталды:
9 сынып оқушылары Баймуратова Танзила № 22 ЖОМ, Балпекова Даяна
№ 33 ЖОМ, Ахменова Адия № 38 ЖОМ
10 сынып оқушылары Арман Құралай № 40 ЖОМ, Откенова Дана № 19 ЖОМ, Қарақожа Ақерке № 12 ЖОМ.
11 сынып оқушылары Елтін Гүлназ № 35 ЖОМ, Кеңесбай Меруерт № 19 ЖОМ.
Барлық олимпиада қатысушыларына сертификат берілді.
Жеңімпаздар сәуір айында олимпиаданың облыстық кезеңіңе қатысады.