Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Махамбет оқулары
16-03-2018 18:10
Махамбет оқулары

            «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2018 жылғы 16 наурыз күні № 25 ЖОМ қала оқушыларының арасында Махамбет Өтемісұлы оқуларын өткізді. Мақсаты - қазақтың батыр да тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіріп олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу. Оқуға № 1, 2, 6, 7, 12,16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 42, Кенжекөл ОМ 42 оқушы қатысты.
        Оқудың қорытындысы бойынша «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәнерлеп оқу аталымында І орынға - № 22 ЖОМ 8-сынып оқушысы Асқарұлы Алмат, ІІ орындарды - № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Қуандық Рахат және № 1 ЖОМ 5-сынып оқушысы Қабдылкәрім Мөлдір, ІІІ орындарды - № 20 ЖОМ 9-сынып оқушысы Тукаев Асанали, № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Қыдырбаев Дияр, № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы Машрап Ахмед алды.
        «Ұлы арман» - Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы аталымы бойынша І орынды- № 35 ЖОМ 10-сынып оқушысы Сахиева Дариға, ІІ орынды - № 20 ЖОМ 8-сынып оқушысы Қаратай Нурбол және № 34 ЖОМ 10-сынып оқушысы Тоқбаева Асемгүл бөлісті. ІІІ орынды – ЖОМ № 19, 25, 7 Даниал Алдияр, Жаркумбаева Анель, Омарова Эльнара.
             Жас ақындар, дарындар сайысы «Тартынбай сөйлер асылмын...» аталымы бойынша І орынды - № 24 ЖОМ 9-сынып оқушысы Көлтай Мақсат, ІІ орынды - № 12, 19 мектеп оқушылары Кәрібай Нұрбек пен Бауыржанқызы Жанель өзара бөлісті. ІІІ орынды - № 2, 37, 40 мектеп оқушылары Абдрахманова Әмина, Жиенбек Ерсұлтан мен Мукашева Гүлзат иеленді.
         Үш жеңімпазымыз Павлодар қаласының мектептері атынана облыстық оқуларға қатысады.