Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері
26-03-2018 16:13
Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері

Оқушылар арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық пәндік олимпиада 2018 жылдың 15 - 20 наурыз аралығында Атырау қаласында өтті. Олимпиадаға 14 аймақтың 19 командасынан 780 оқушы қатысып, олардың арасында бір талай мәрте жеңімпаздары мен ең беделді халықаралық олимпиадалардың 81 жүлдегерлері болды.
Байқауда Павлодар облысының намысын облыстық кезеңнің 46 жеңімпазы, оның ішінде 3 алтын, 6 күміс және 12 қола медальдарға ие болған 21 оқушы қорғады. Облыстың оқушылар командасы І орынға және «Үздік олимпиадалық команда - 2018» атағына иеленді.
Павлодар қаласынан география пәнінен №35 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Қасымжан Зухра қатысып, 3 орын жүлдегері атанды (мұғалімі Асаинова Ш.Б.).
Зухра оқу үздігі, география пәнінен мектепшілік, қалалық олимпиадалардың көп мәрте жеңімпазы. 2017 жылғы аймақтық интеллектуалды марафонның жеңімпазы атанған. «Менің Отаным- Қазақстан» 3 орын (2016 жыл), «Ғылым және шығармашылық» 2 орын (2017 жыл) аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференцияларының жүлдегері.
Зухраны жеңісімен құттықтаймыз!
Біздің Павлодар қаласы сені мақтан тұтады!