Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасы 2018 жылы 26 – 29 наурыз аралығында Қостанай қаласында өтті.
Біздің қала орыс тілі (қазақ тілінде оқитын), орыс тілі және әдебиеті (орыс тілінде оқитын), неміс тілі, Қазақстан тарихы,құқық негіздері пәндері бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары № 22, 35, 36, 37, 39 жалпы білім беру мектептерінің 10 - 11 сыныптан 8 оқушы ұсынды.Олимпиада нәтижесі бойынша біздің оқушылар 5 жүлделі орын жеңіп алды,оның ішінде 1 - бірінші, 1 - екінші, 3 – үшінші орын.
1 орын (алтын) неміс тілі бойынша № 36 ЖОМ 11 сынып оқушысы Панченко Кирилл иеленді.
2 орын (күміс) орыс тілі және әдебиеті бойынша № 36 ЖОМ 10 сынып оқушысы Ковальчук Александр.
3 орын (қола) неміс тілі бойынша № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Теміржанов Фарид.
3 орын (қола) Қазақстан тарихы бойынша № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Айдарханов Айдар.
3 орын (қола) құқық негіздері бойынша № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кұттыбаева Адель
Орыс тілі бойынша (қазақ тілінде оқитын) № 22 ЖОМ 11 сынып оқушысы Серикбаева Анель Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік – техникалық университеттің грандтын жеңіп алды.
Павлодар қаласы сендермен мақтанады,жеңіспен құттықтаймыз!