Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «2017-2018 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы сәуір айының 9 –13 күндер аралығында Павлодар қаласының № 24 мектебінде қазақ тілінде оқытылатын 7 сынып оқушылары арасында «Өркенің өссін!» қалалық конкурсның іріктеу кезеңі өткізілді.
Халқымыздың ата – бабадан келе жатқан, бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс – салтын, жақсы үлгі - өнегесін, ізгілікті сән – салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты үлгі істерін насихаттау. Баланың ой – өрісін ізденімпаздыққа, жан – жақтылыққа шақыру, кемел болашақтың ұл-қыздарын тәрбиелеу, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен білім деңгейлерін анықтау конкурстың негізгі мақсаты болды.
Конкурсқа қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік танытты.
Жалпы конкурсқа қатысушы оқушылардың дайындық деңгейлері сайысқа қатысудың ереже талаптарына сәйкес екенін айтуға болады.
Конкурсқа қатысуға қазақ тілінде оқытылатын 7 сыныптары бар 17 мектептің 12 мектебі өтініш беріп, іріктеу кезеңінен 8 мектеп № 21, 22, 33, 24, 29, 37, Кенжекөл, 35 жалпы орта мектептері финалдық конкурсқа жолдама алды.
«Өркенің өссін !»қалалық конкурсының қорытындысы туралы