Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа толқын
04-06-2018 15:57
Жаңа толқын

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 26-жылдығы қарсаңында 2018 жылы 4 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Төменгі Жағажай да «Жаңатолқын»асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды.Көркем суреттің тақырыбы биыл тойланатын Мемлекеттік рәміздерінің 26-жылдығына,біздің жас елімізге арналды.
       Байқауға № 1, 2, 5, 7, 9, 11, 13, 16, 17, 18, 19, 24, 26, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 42, 43, ЖЖОМ мектептен 271 оқушы қатысты. Қатал, бірақ әділ қазылар суреттің шығармашылық композициясын,суреттің түпнұсқалығын, ал бастысы,- команданың тұсау кесерін бағалады.
Балалар өз композициясының ашық бейнесін ұсынды, шығармаларының мазмұнын ашты, Отан жетістігі туралы айтып,қызығушылықпен өнерлерін көрсетті.
I орынды № 9 ЖОМГ «Тұлпарлар» командасы жеңіп алды, өз суретінде біздің Республиканың халықтар достығын көрсетті, тапсырылған байқаудың толық тақырыбын ашты,танысу кезінде өз командасының достығын және ұйымшылдығын көрсетті.
№ 34 ЖОМ командасы II орынға ие болды. Команда тапсырма орындалуының ерекше жолдарын көрсетті: біздің байтақ еліміздің жануарлар және өсімдіктер дүниесін, табиғат көрінісін көрсетіп,көрермендер көз алдына толық сурет көрінісі келді.
III орын - № 38 мектеп командасы. Балалар өнер көрсетудің түпнұсқалығымен ерекшеленді және байқау мазмұнының тақырыпқа толық сәйкестігі.
Байқау қорытындысы бойынша номинация жеңімпаздары болған мектеп командалары:
№ 43ЖОМ - «Ең жақсы орындау техникасы» номинациясы;
№ 19 ЖОМ - «Креативті команда» номинациясы;
ЖЖОМ - «Ең ашық» номинациясы;
№ 5 ЖОМ- «Ең тату» номинациясы
№ 13 ЖОМ - «Коллаж» номинациясы;
№ 17 ЖОМ – «Самая позитивная» команда номинациясы .
Осы шараға белсенді қатысқаны үшін № 11, № 18, 24, 26, 33 мектеп командалары белгіленді .
Жеңімпаздар, номинанттар,байқаудың белсенді қатысушылары «Павлодар дарыны» БУҚБДДО грамоталарымен марапатталды.
Байқау қатысушылары арасында көптеген талантты және дарынды балалар. Соның бірі № 24 ЖОМ 5 сынып оқушысы Томирис Бакибаева.
Астананың 20-жылдығына арналған, «Астана қаласындағы ең бақытты күн» №2 балалар көркем мектебі ұйымдастырған байқаудың жүлдегері болып табылады. «Какой отличный мир» балалар суретінің ХV қалалық байқауында ерекше тақырып орындағаны үшін дипломмен марапатталды,ИнЕУөткізілген бейнелеу өнері бойынша олимпиада да қатысушылар куәлік алды .