Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Би таланттары
19-06-2018 15:52
Би таланттары

2018 жылы 19 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен № 7 ЖОМ Павлодар облысының 80-жылдығына, Астананың 20-жылдығына арналған «Танцор диско» қалалық жазғы жобасы өтті. Байқауға №№ 2,4,9,12,13,14,17,18,21,22,23,24,26,35,40,41, КЖОМ жалпы білім беру мектептерінен 425 оқушы қатысты.

Оқушылар сүйікті кинофильмдерінен өлең және музыкасымен би композициясын көрсетті.Әділ қазы мүшелері құрамына әкелер Кеңесінің мүшелері енді: Конопля Вячеслав Александрович, Тұрсынханов Руслан Рыспекұлы, Хонда клуб өкілі Алинбаева Бибигүл Мұратқызы қиын міндет қойылды –көптеген билейтін талантты ұлдар мен қыздар арасынан ең жақсысын таңдау. Көрермендер көзайымы сыйлығын «Танцор диско» кинофильмінің музыкасымен билеген №2 мектептің үнді киімін киген қыздар алды. «Брилиантовая рука», «Любовь и голуби», «Служебный роман» фильмінің әуені бойынша таңқаларлық поппуримен №41 ЖОМ қатысушылары тағы бір көрермендер көзайымының сыйлығына ие болды,оны көрермендердің ду қол шапалағы растады.
«Грация» номинациясын № 40 мектебенің «Акварель» командасы жеңіп алды.Өздерінің сәнді киімімен қыздар би мерекесін безендірді және «Приключения электроника» кинофильмнің өлеңімен асыға күткен демалыс туралы әсерлі биімен барлық көремендердің есінде қалды.
«Креативность» номинациясын № 13 ЖОМ «Кухня» сериалынан сюжет биі жеңді, мұнда өжет аспазшылар тентектік жасады және бас аспазшыны мазақ етті. «Талант» номинациясын № 12 ЖОМ шуақты бишілер жобасының ең жас қатысушылары жеңді. «Фантазия» номинациясын №9 мектеп – гимназиясының тамаша флеш – мобы таңқалдырды. «Звездный дождь» номинациясы № 21 ЖОМ бишілеріне берілді,олар «Банана - мама» биімен көрермендерді сүйсіндірді. «Танцевальный серпантин» номинациясымен сүйікті ертегілерінің әуені бойынша попурримен КЖОМ жас бишілері грамотамен марапатталды. «Шалунишки» номинациясында «Держи ритм» фильмінің үзіндісі әуенімен флеш – моб № 22 ЖОМ сотқар бишілері грамота алды. «Вдохновение» номинациясында Астананың 20-жылдығына арналған «Менің Астанам» биімен № 14 ЖОМ балалары жақсы орындады. «Ритмы планеты» номинациясын «Менің достарым» биімен №4 ЖОМ ұйымшыл би ұжымы жеңіп алды. III - орын «Танцор диско» би қалалық жазғы жобасында әділ қазы мүшелері қола кубогы және құрмет грамотасымен «Красные Шапочки» биі үшін № 18 ЖОМ би ұжымын марапаттады және Гайдая фильмінің әуені бойынша әзіл попурри көрсеткен № 17 ЖОМ бишілері марапатталды. II –жүлделі орын үшін күміс кубок және құрмет грамотасы үшін әділ қазылар «Морячка» биін билеген № 24 ЖОМ бишілер ұжымының кішкентай қыздарына және «Ангел в тюбетейке» кинофильмінің әзіл биінің қойылымы үшін № 35ЖОМ бишілеріне тапсырды.Алтын кубок және құрмет грамотасымен жүлделі I - орын «Бриллиантовая рука», «Дети капитана Гранта», «Операция «Ы» и новые приключения Шурика», «Три мушкетера» кинофильмнің әуенімен ашық және күлкілі попурри № 26 ЖОМ «Очаровашки» жас бишілер командасы марапатталды. Бұл орындаулар ең ашық,қатысушылардың саны бойынша ең көп және барлық көрермендер мен әділ қазы мүшелерінің көңілінде жақсы әсерлі естеліктер қалдырды.
«Танцор диско» қалалық жазғы жобасының жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін № 26,24,35,17,18 ЖОМ би ұжымының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. «Танцор диско» жобасының демеушісі Павлодар «Хонда» клубы